“Майна әлде вира“: Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

Астанада құрылыс алаңында жұмысшылар түсініксіз бұйрық үшін төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада құрылыс алаңында жұмысшылар түсініксіз бұйрық үшін төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, "102" арнасына құрылыс нысанында болған төбелес жайлы хабарлама түскен.

"Жанжалдың себебі кран жүргізушісінің берген бұйрықты түсінбей қалуы. Сол себепті сөзталас туып, ол төбелеске ұласқан. Полицейлер бес қатысушының бәрін анықтап, бөлімшеге жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған адамдарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттамалар толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданған.

Сот шешімі бойынша, әрқайсына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал төбелесті бастаған адам 15 тәулікке қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама