ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2026 18:30
Майра Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Майра Мелдебекова Қазақстанның оқу-ағарту бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
1993-2005 жылдары Шымкент, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысындағы орта мектептерде математика және информатика мұғалімі болып жұмыс істеді.
2005-2018 жылдары Білім және ғылым министрлігі жүйесінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2018-2020 жылдары – Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы.
2020-2021 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы.
2021-2022 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.
2022-2025 жылдары – Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылғы мамырда оқу-ағарту бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып Дархан Мырзабаев тағайындалды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу