06 маусым 2023 | 08:44

"Мазақ етіп, қайта келеді". Алматы тұрғындары түнде Арбатта жиналатын мопедшілерге шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы тұрғындары Арбатта шулайтын мопедшілер үстінен тағы да шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары Арбатта шулайтын мопедшілер үстінен тағы да шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Арбатының маңында орналасқан үй тұрғындары түнде терезенің түбіне жиналып, жиын ұйымдастыратын мопедшілерге шағымданып отыр: жарқылдатып, дауысын қатты шығарады. Тұрғындар полицияның осы мопедтердің бірнешеуін эвакуациялап жатқанын, ал айналасында басқа мопедтер жиналып тұрғанын көрсететін видео жіберді.

Реклама
Реклама

Тұрғындардың айтуынша, ұсталғандарға қарамастан, жастар полиция қызметкерлері мен жақын маңдағы үй тұрғындарын мазақ етіп, бұл жерге қайта келеді.

Полиция мәліметінше, оқиға 2 мамырдан жұмаға қараған түні болған. Алмалы ауданында Алмалы аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тұрғындардың арыз-шағымдарын пысықтап, рейд жүргізген. Полиция қызметкерлері төрт сағат ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы "Түнгі уақытта тыныштықты бұзу" және 615-бабы "Жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша 12 құқық бұзушылық дререгін анықтады. Тәртіпбұзушыларға әкімшілік акті жасалған.

Мопедтер тұрған айыппұл тұрағы, Алматы ПД суреті

"Үш көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр, Арбат жаяу жүргіншілер аймағына іргелес жатқан үй тұрғындарынан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Бұған жол бермеу үшін бұл аймақтарда жаяу және автокөлік патрульдері іске қосылды. Заңбұзушылық деректерінің жолы кесіледі", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная