Мәжіліс Арменияның ЕАЭО-ға қосылуын мақұлдады

©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламентінің Мәжілісі Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы әлемдік қоғамдастықта Еуразиялық экономикалық одақтың беделін сөзсіз арттырады. 

Ол Арменияның ЕАЭО-ға мүше болуына байланысты Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерімен арада Арменияның тарифтік міндеттемелерін ДСҰ талаптарына сай өзгерту жөнінде келіссөздер жүргізілетін болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, кеше, 17 желтоқсан күні Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты Ресейдің Федерация Кеңесі ратификациялаған болатын. 

Еске сала кетейік, ЕАЭО туралы шартқа Ресей, Беларусь пен Қазақстан осы жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама