Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым отставкаға кетті

Әбдірайым Бақытжан. © parlam.kz

Депутат Ба?ытжан ?бдірайымны? ?кілеттігі то?татылды. М?ндай шешім Парламент палатасыны? отырысында ?абылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды. Мұндай шешім Парламент палатасының отырысында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Конституциясының 52-бабының 5-бөлігіне, ҚР Конституциялық заңының 24-бабының 3-бөлігіне сәйкес және ҚР Орталық сайлау комиссиясына отставкаға кету туралы өтініштің негізінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Осылайша, депуттардың дауыс беру қорытындысы бойынша  Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі тоқтатылды.

Реклама
Реклама

"Еліміздегі ең үлкен саяси күш - ол Елбасымыз басқарып жатқан "Нұр Отан" партиясы және мен сіздермен екі жыл уақыт жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Болашақта сіздермен әрі қарай да осындай қарым-қатынаста қызмет жасаймыз деп сенемін", - деді Бақытжан Әбдірайым.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Бақытжан Әбдірайымға жаңа қызметінде жетістіктер тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама