24 наурыз 2022 | 14:48

Медеу маңына және Шымбұлаққа барар жолға блокбекет қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Медеу мұз айдыны және Шымбұлаққа баратын жолға блокбекеттер орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медеу мұз айдыны және Шымбұлаққа баратын жолға блокбекеттер орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, биікке және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты тауларда қар көшкіні жүру қаупі жоғары деңгейде. Мәселен, 25-28 наурызда Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан, "Казселезащита" мамандары "Медеу" маңы мен Шымбұлақ-Тұйық су тасжолы бойына бөгет қойған.

"24 наурызда таңғы сағат 8.40-тан сағат 10.40-қа дейін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бұл Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Жұмыс "Аваланчер" пневматикалық қондырғысы арқылы жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде 600 текше метр қар түсірілді", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туристер мен демалушыларды тауға шықпауға шақырады! Сақ болыңыздар!" - деп қосты бөлім өкілдері.

Бұған дейін алматылық құтқарушылар таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная