11 мамыр 2023 | 08:42

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады", - делінген хабарламада.

Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

Реклама
Реклама

ТЖ министрлігі өкілдері Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өртсөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтың анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.

Өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталып жатыр.

Еске салайық, 8 мамырда Медеудегі өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза болғанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная