26 қыркүйек 2023 | 14:06

Медициналық сақтандыру қорының басшысы неге ауысты? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Freepik

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы неге ауысқанына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы неге ауысқанына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ӘМСҚ-ның бұрынғы төрағасы Сәбит Ахметов алты ай ғана жұмыс істеді. Неге босатылды? Оған қатысты көптеген даулы мәселе болды, оның қызметінен кетуі осыған байланысты болуы мүмкін бе?" - деді Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналистер министрге.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сәбит Ахметов өз өтініші бойынша қызметінен босатылғанын айтты.

"Өз қалауына байланысты, өтініші бойынша босатылды. Білесіздер, Сқақов (Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов – еск.) жаңа басшы болып тағайындалды. Ол өте тәжірибелі, қаржыгер ғана емес, әкім болып жұмыс істеген, айталық, халықтың тілегін жақсы білетін адам. Ол бұл қызметті атақара алады деп ойлаймыз", – дейді Ажар Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная