16 шілде 2021 14:07

Medsupportkz ғалымдары вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Medsupportkz жобасының негізін қалаушы Ақмарал Тұрсынова және биолог, медицина докторы, денсаулық сақтаудағы коммуникация жөніндегі маман Ботагөз Каукенова Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасының эфирінде вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Medsupportkz жобасының негізін қалаушы Ақмарал Тұрсынова және биолог, медицина докторы, денсаулық сақтаудағы коммуникация жөніндегі маман Ботагөз Каукенова Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасының эфирінде вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұрақтардың бірі бедеулік туралы болды. Ақмарал Тұрсынованың айтуынша, вакцинацияға қатысты көптеген аңыздар бар.

"Вакцинация бедеулікке әкелуі мүмкін деген аңыз бар. Вакцинация, керісінше, сізді және болашақ балаңызды аурулардан қорғайды. Вакцина ДНҚ өзгерте алады деп те айтылады. Бірақ бұның да болуы мүмкін емес", - деді ол.

Антиденесі бар адамға екпе салдыруға бола ма? 

"Иә, болады және салдыру қажет. Әсіресе үш ай бұрын ауырып шықсаңыз, қайтадан жұқтырмау үшін вакцинацияға дереу барыңыз", - деді Ақмарал Тұрсынова.

Ботагөз Каукенованың айтуынша, антиденелердің адамға "оңтайлы" саны әлі анықталған жоқ.

"Әзірге сандарға назар аударудың мағынасы жоқ. Әлемдік қауымдастық антиденелердің қандай деңгейі қалыпты саналатынын әлі анықтаған жоқ. Мысалы, қан тапсырғанда сізде екі цифр болады: біріншісі сіздікі, жақшадағы екі сан "қалыпты" деңгейді білдіреді. Бірақ коронавирус бойынша мұны анықтаған жоқпыз. Уақыт керек. Қазір вакцина алып, жаңалық күткен дұрыс", - деді Ботагөз Каукенова.

"Антиденелерді тексеруге ақша жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені бұл жалған қорғаныс береді. Адамдар антиденелерім бар деп қайта жұқтырып жатады. Мұндай жағдайлар өте көп".

Вакцина жаңа штамдардан қорғай ма?

"Қолда бар вакциналардан "Спутник" бойынша мұндай деректер бар. Қазір штамдар емес, вирустың нұсқалар жаңа екенін ескерген жөн. Олар бір-біріне ұқсас. Бірақ вакцина салдырмай жүріп алсақ, жаңа штамның мутациясы пайда болуы мүмкін. Бұл жаңа ауруға айналады, содан кейін вакциналар қорғай ала ма, жоқ па белгісіз", - деді ғалым, ол мүмкіндігінше тезірек екпе алу маңызды екенін айтты.

"Студия 7" жобасының жүргізушісі ғалымдардан "Бірнеше жылдан кейін вакцинаның салдары болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Жоқ. 5 жылдан кейін қандай да бір симптом пайда болатындай вакцина ағзада ұзақ уақыт тұрмайды. Пайда болатын нәрсе вакцинадан кейін алғашқы 30 минутта байқалады. Сондықтан бірінші жарты сағатта сіз бақылауда отырасыз. Вакцина ағзада 3 күн сақталады. Ол өз жұмысын жасап, вирус қандай екенін көреді, содан кейін ағзада жойылады. Әрі қарай иммундық жүйе жұмысқа кіріседі. Ол жасушаларды үйрете бастайды, бұл табиғи процесс", - деді спикерлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети