12 шілде 2021 | 17:08

Медуниверситет оқытушысының атынан вакцинаның зияны туралы жалған хабарлама тарап жатыр

© TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

Қазнетте қарағандылық жоғары санатты дәрігер және кафедра меңгерушісі жазған аудиожазба тарап жатыр. Онда "Спутник-V" вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі биыл мамырда ғана басталғаны, яғни әлі аяқталмағаны айтылған. Сондай-ақ, хабарлама авторы вакциналар бедеулікке әкеледі және денсаулыққа қауіпті деп мәлімдейді. StopFake.kz бұл жалған екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте қарағандылық жоғары санатты дәрігер және кафедра меңгерушісі жазған аудиожазба тарап жатыр. Онда "Спутник-V" вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі биыл мамырда ғана басталғаны, яғни әлі аяқталмағаны айтылған. Сондай-ақ, хабарлама авторы вакциналар бедеулікке әкеледі және денсаулыққа қауіпті деп мәлімдейді. StopFake.kz бұл жалған екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда бір ғана медицина университеті бар. Тиісінше, кафедра меңгерушілері жоғары санатты дәрігерлер сонда ғана жұмыс істейді. Алайда Қарағанды медицина университетінің баспасөз қызметі қызметкерлердің ешқайсы мұндай мәлімдеме жасамағанын хабарлады.

"Қолданушылардың бірі аудиожазбаны кафедра меңгерушісі жазған деп айтқан. Бірақ ол біздің университеттен емес", - деп хабарлады ҚМУ баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Хабарламаның мәтінінде де жалған мәлімдемелер бар.

"Біріншіден, "Спутник-V" вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші кезеңі автор айтқандай 2021 жылдың мамырында емес, былтыр 7 қыркүйекте басталған. Оның қорытындылары 2021 жылы 2 ақпанда жарияланып, бүгінде баршаға қолжетімді. Олар вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

Екіншіден, COVID-19-ға қарсы вакциналар, атап айтқанда "Спутник-V", бала туу қабілетіне әсер етеді деп айтуға негіз жоқ. Вакцинация бедеулікке әкелуі мүмкін деген қауесетті препаратты әзірлеушілердің өздері де, Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жетекші мамандары да жоққа шығарды.

Олардың барлығы мұндай қорқынышқа негіз жоқ және вакциналар құрамында адамның репродуктивті жүйесіне әсер ететін компоненттер жоқ деп мәлімдеді", - дейді StopFake.kz өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная