Медуниверситетте шетелдік студенттер наразылық акциясын өткізді

Иордания мен ?ндістаннан келген студенттер Асфендияров атында?ы ?аз?МУ-да наразылы? акциясын ?ткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, о?ытушылар оларды емтихандарда ?аса?ана "??лат?ан".

Иордания мен Үндістаннан келген студенттер Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да наразылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айтуларынша, оқытушылар оларды емтихандарда қасақана "құлатқан".

Студенттердің пікірінше, "гистология", "анатомия", "биохимия" және "молекулярлық биология" пәндерінен олардың білімі дұрыс бағаланбаған. Емтихан компьютер арқылы тапсырылыпты. Алайда олар өту ұпайын жинай алмаған. Студенттерге жазғы семестрде оқу туралы айтылды делінеді. Сонымен қатар, студенттер университет басшылығын құрметсіздік көрсетті деп айыптап отыр. Ондаған студент ЖОО ғимаратының ішінде еденде отырып алып, мәселеге назар аударуды талап еткен. 

Реклама
Реклама

Ал кейін талқылауды акт залында өткізу ұсынылған. Халықаралық медициналық факультетінің деканы Гаухар Құрманова студенттердің бұл шағымы қаралып жатқанын айтты. 

"Нәтижелеріңізді сараптауға уақыт керек. Шағымдарыңызды аноним түрде жазсаңыздар болады. Студенттер кінәлі демейміз. Барлық мәселені шешуге тырысамыз", - деді ол.

Университет басшылығы студенттерді 5 адамнан топтарға бөлініп, жағдайды талқылауды сұрады. Осы мәселемен айналысу үшін 10 адамнан тұратын комиссия құрылады.

Айта кетейік, ҚазҰМУ-да мыңнан аса шетелдік студент оқиды. Олардың басым бөлігі грантқа түскен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама