Мектеп ауласындағы әжетханалар бедеуліктің себебі болуы мүмкін - қоғам белсендісі

© Tesco-baby.com

Мектеп ша?ында аулада?ы д?ретханалар?а бар?ан о?ушыларда?ы ?абыну есейе келе бедеулікке шалынуды? бір себебі болуы м?мкін. Б?л туралы "Амансаулы?" ?о?амды? ?орыны? жетекшісі Ба?ыт Т?менова Сенатта?ы ты?дау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп шағында ауладағы дәретханаларға барған оқушылардағы қабыну есейе келе бедеулікке шалынудың бір себебі болуы мүмкін. Бұл туралы "Амансаулық" қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменова Сенаттағы тыңдау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түменова Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы баласыз, ал жасөспірімдер арасында аборт жасау дендеп бара жатқанын атап өтті. 

"Бүгінде бедеулікке себеп аборт қана емес, бала кездегі қабыну да себеп болуы мүмкін. Өйткені оқушылардың көпшілігі ауладағы дәретханаларға барады. Назар салыңыздаршы, сол ұлдар мен қыздар суық тию салдарынан кейін белсіз және бедеу болып жатады. Маңызды мәселе ме? Иә. Бұған Денсаулық сақтау министрлігі ғана жауапты ма? Олай емес", - дейді Түменова. 

Реклама
Реклама

Ол азаматтарымыздың денсаулығы - Денсаулық сақтау министрлігінің ғана емес, адамдардың және өзге де құрылымдардың мәселесі екеніне назар салуды сұрады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама