ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2024 | 10:37
Мектеп бухгалтері 238 миллион теңгені жымқырып қалған
Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.
"Ақтөбе қаласының прокуратурасы есепші Г-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын иемденгенін анықтады. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.
Есепші Г-ның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сараланған.
"Арнайы прокурорлар қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 24.10.2024 жылы сот шешімі бойынша, есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также