Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр

Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр Сурет баспасөз қызметінен

Мектеп демалысы кезінде елордалы? м?дениет мекемелері о?ушылар?а арнап ерекше ба?дарлама ?зірлеп отыр. Астаналы? цирк, Максим Горький атында?ы мемлекеттік академиялы? драма театры, сондай-а?, Астана ?аласыны? ?уырша? театры демалыс?а орай ?з репертуарларын т?зетті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ?ала ?кімдігіні? ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр. Астаналық цирк, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, сондай-ақ, Астана қаласының Қуыршақ театры демалысқа орай өз репертуарларын түзетті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 5 қарашада сағат 18:00-де оқушыларды қазақ халқының батырлар жыры - "Алпамыс" эпосының желісімен қойылған "Дала аңызы" әфсанасының премьерасына шақырады. Батырлық эпос қазақстандықтардың жас буынын патриоттық тәрбиелеу және Отанын қорғауға дайындық мақсатында репертуарға енгізілді. Қойылымды 6 қарашада сағат 18:00 де тамашалауға болады.

Сондай-ақ, 6 қарашада сағат 11:00-де театрда С. Астраханцевтың "Братец Лис и Братец Кролик" ертегісінің қойылымы өтеді.

Реклама
Реклама

5-6 қарашада сағат 12:00-де және 14:00-де Астана қаласының Қуыршақ театрында (Республика даңғылы, 3) балет жанрындағы "Менің салған суретім" ("Это я нарисовал") спектаклі көрсетіледі. Қойылымда жер бетіндегі тірі жандардың пайда болуы туралы әңгімеленеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама