Мектеп мұғалімдерін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеу туралы қауесет жоққа шығарылды

Tengrinews.kz иллюстрациясы

?аза?станны? білім ж?не ?ылым вице-министрі Элмира Суханбердиева орта мектеп м??алімдерін Астанада ?тетін EXPO-2017 к?рмесіне билет сатып алу?а м?жб?рлеп жатыр деген ?ауесетті жо??а шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева орта мектеп мұғалімдерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. EXPO-ға қатысты бұл сөз қайдан туған? Көпшілік көрмеге билет таба алмай отыр, ал мұғалімдерді баруға мәжбүрлеу... Кімді? Мен мұны негізсіз айып деп ойлаймын, шандыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Суханбердиева ОКҚ-да өткен брифинг барысында. 

Вице-министр аймақтағы педагогтарға, керісінше, көрмеге келу қиын болатынын айтты. "Ешкім жай ғана келе алмайды, егер ол демалыста болмаса. Сол кезде ғана шыға алады", - деп атап өтті ол. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде орта мектеп мұғалімдеріне Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесет тараған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news12
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама