21 тамыз 2015 12:43

Мектеп мұғалімдерінің жалақысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мұғалімдердің айлығы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі. Бұл жайында ел премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ал осыған дейін жалақының 2017 жылы көтерілетіні хабарланған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалақыны 2017 жылы көтеру жоспарланған еді, алайда девальвацияға байланысты, Президент үкіметке мұғалімдердің жалақысын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеруді тапсырды. Жалақы шамамен 27 пайызға, мұғалімнің дәрежесіне байланысты болады", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының теңгедегі депозиттердің айырма бағамын өндіріп беру туралы тапсырмасы жайлы пікір білдірді. "Президент өндіру механизмін жасауға тапсырма берді, бұл шаралар 1,3 миллион салымшыға қатысты, бұл барлық салымшының 90 пайызы. Бұл жұмыстар таяу уақытта атқарылады", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети