06 қыркүйек 2023 13:22

Мектеп оқушыларын есірткіге тестілеу қашан басталады?

Сурет: Freepik.com

Қазақстанда оқушылар арасында есірткіге скрининг енгізу мәселесі талқыланып жатыр. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов оқушыларды есірткіге тестілеу 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында басталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда оқушылар арасында есірткіге скрининг енгізу мәселесі талқыланып жатыр. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов оқушыларды есірткіге тестілеу 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында басталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында кәмелетке толмаған қазақстандықтарды есірткіге тестілеу мәселесі де бар.

Реклама
Реклама

"Заңнамалық негіз пысықталып жатыр, ол 2024 жылы дайын болады. (...) Бұл мәселе әр адамға қатысты болғандықтан, заңнамалық тұрғыдан пысықтау өте маңызды. Оған қоса, мектеп оқушыларына қатысты болған соң өте күрделі мәселе. Осыдан 10 жыл бұрын, 2012 жылы мектеп оқушыларын тестілеу мәселесі көтеріліп, көптеген ата-ана қарсы болды. Бүгінде барлық ата-ана келісіп отыр. Бақылап отыру мүмкін болмағандықтан, дәріхана дәрілеріне тәуелділік бар болғандықтан, көптеген адам тексеріс жүргізілгенін қалайды", - деді Бақытжан Әмірханов ОКҚ брифингінде.

Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, мектеп оқушыларын есірткіге тестілеу мәжбүрлі түрде жүргізілмейді.

"Барлығы жоспарлы түрде болады. Денсаулығын тексереміз, барлық талдаудан, медициналық комиссиядан өткіземіз және қажет құжаттарды жасаймыз. Содан кейін жоспарлы түрде болады. Медициналық тексеріске дейін психологпен тест болады. Онда адамның қолданатынын немесе қолданбайтынын анықтауға көмектесетін арнайы сұрақтар қойылады", - деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенованың мәліметінше, қаржыландыру, шығын және сатып алу мәселелері тиісті заң жобасы қабылданғаннан кейін заңнамалық деңгейде шешіледі.

"Содан кейін скрининг жүргізу туралы шешім қабылданады. Әзірге әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның 1500-і - әйел, 100-ге жуығы - кәмелетке толмағандар. Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, нақты деректер ресми статистикадан бірнеше есе, тіпті 5-6 есе көп болуы мүмкін.

Еске салайық, мамырда Ішкі істер министрлігі тұжырымдамасының жобасы "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін жарияланған еді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында алкоголь және есірткі бойынша Еуропалық мектеп зерттеулер жобасының (ESPAD) әдіснамасымен жылына кемінде бір рет психоактив заттарды қолданудың таралуын бағалау бойынша тұрақты мониторинг рәсімін енгізу жоспарда бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram