03 қараша 2022 13:07

Мектеп оқушысы Алматы әкіміне су басу мәселесін шешу жолын ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

НЗМ оқушысы Ерболат Досаевқа Алмалы ауданының тұрғындарымен болған кездесуде су басу мәселесін шешу жолын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

НЗМ оқушысы Ерболат Досаевқа Алмалы ауданының тұрғындарымен болған кездесуде су басу мәселесін шешу жолын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда су басу мәселесі бар. Қатты жаңбыр жауғанда қаланың барлық жерінде шалшық пайда болады. Мен осы мәселені шешетін "Жасыл дренаж" жобасын әзірледім. Бұл құдық, оның ішінде батпақ өсімдіктері мен топырақ болады. Яғни, біз табиғи су айналымын қалпына келтіреміз. Су ұңғымаға түсіп, өсімдіктермен сүзіледі, осылайша шалшық пайда болмайды.

Мен өз жобамды жүйе сәтті жұмыс істеген Филадельфиядағы зерттеулер негізінде жасап, оны Алматы жағдайына қарай ыңғайладым. Алмалы ауданында осы жобаны іске қосуды ұсынғым келеді", - деді НЗМ оқушысы Елнар Асылбеков.

Алматы әкімі жобаны қолдауға уәде берді.

Реклама
Реклама

"Ұсынысыңызды қарастырайық. Қарсы болмасаңыз, біз оны пилоттық жоба аясында енгізуге тырысамыз. Мен өз орынбасарларыма тапсырма беремін", - деді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram