ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2023 | 09:05
Мектеп стадионына тұрғын үй кешені салына ма? Алматы әкімдігі қауесетке жауап берді
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы мектеп стадионында салынып жатқан тұрғын үй кешені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы мектеп стадионында салынып жатқан тұрғын үй кешені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат бұрын Stop_zastroyke-парақшасында пайда болған еді.
"Бұл мектеп күрделі жөндеу және кеңейту жұмыстарын жүргізу үшін жазда жабылуы керек еді. Мектеп алаңының бір бөлігіндегі ғимаратты аяқтауы керек болған. Кеше директор мектеп алаңы тұрғын үй кешені үшін сатып алынғандықтан, жөндеу болмайды деді! Мектеп алаңында! Балалар оқу жылы бойы дене шынықтырумен айналысқан жерде! Ата-аналар таңғалып отыр," - деп жазды Instagram-паблик оқырманы.
"Ең қызығы, ол жер өте кішкентай. Тұрғын үй кешенін қай жеріне салмақ? Ал жер сілкінісі болған жағдайда қайда қашу керек. Әдетте бұл алаңға балалар шығатын. Мен осы мектепте оқыдым", - деп жазады жергілікті тұрғындар.
Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы бұл жер телімінің иесі №73 мектеп-гимназиясы екенін, нысаналы мақсаты мектепті пайдалану және күтіп ұстау екенін түсіндірді.
"Жер қатынастары басқармасы мәліметінше, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгерген жоқ, қала құрылысы және урбанистика басқармасы мәліметі бойынша, тұрғын үй кешенін салуға жоба алды құжаттамалары рәсімделмеген. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Бұл жерде алдағы уақытта тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также