14 маусым 2022 | 07:00

"Мектепке барып, білім алғым келеді": Көпбалалы ана көпшіліктен көмек сұрайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматылық алты жасар Саят Есенбекке ақ қан диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жілік майын ауыстыру қажет екендігін айтады. Ата-анасы баласын шетелде емдету үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық алты жасар Саят Есенбекке ақ қан диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жілік майын ауыстыру қажет екендігін айтады. Ата-анасы баласын шетелде емдету үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Түркияда Саятқа донор табылған.

"Қыркүйек айынан бастап, баламның құлағы ауырлап, мұрыны бітеліп, мойнынан бездер байқадым. Содан кейін нақты диагнозы анықталды. Бірнеше айдан бері қарқынды түрде емделіп жатырмыз. Беті бері қайтқанымен, жілік майын ауыстырмай жасалған ем дұрыс болмайды", – деді анасы Алима Дүйсенбиева.

Реклама
Реклама

Қазір Саятқа ерекше күтім керек. Бұған дейін бірнеше рет химия мен сәулелі терапия алыпты. Ол бала ағзасына аса ауыр тиген көрінеді. Енді жалғыз үміт күрделі отада дейді анасы.

"Арманым тезірек  мектепке барып, білім алсам деймін. Бауырларымның ортасында болғым келеді", - деді  Саят Есенбек.

Саяттың анасына мына телефон арқылы хабарласып, көмектесе аласыздар: 8 (747) 581-80-23.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная