ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қыркүйек 2023 14:21
Мектепті діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек: Қошанов хиджаб туралы
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб киюге байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет.
"Біздің Конституциямыз дін бостандығын шектемейді, діни рәсімдер жасағысы келетіндерге ешқандай кедергі жоқ", - деді Қошанов.
Оның сөзінше, мектеп саяси және діни ағымдардың орталықтарына айналмауы керек.
"Мектеп - бұл оқу орны. Оқушының негізгі міндеті - оқу. Біз мектепті саяси немесе діни ағымдардың орталықтарына айналдырмауымыз керек. Біз мұғалім мен балаларды басқа мәселемен алаңдатпауымыз керек. Министрлік бекіткен мектеп формасының стандарттары бар. Бұл талаптарды орындау қажет", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу