05 желтоқсан 2023 | 12:31

Мектепте смартфон ұстау: министр шектеу туралы түсіндірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың сабақ уақытында ұялы телефон пайдалануын заңды түрде шектеуді ұсынған Асхат Аймағамбетовтың бастамасын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың сабақ уақытында ұялы телефон пайдалануын заңды түрде шектеуді ұсынған Асхат Аймағамбетовтың бастамасын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтік брифинг барысында журналистер бұл тыйым қалай жұмыс істейтінін сұрады.

Реклама
Реклама

Сұрақтарға жауап берген министр Бейсембаев "мектеп сапалы білім мен саналы тәрбие беруі керек" деп атап өтті. Сондықтан, ведомство басшысының айтуынша, бала мұғалімнің сабақ барысында беретін материалын толық меңгеріп, білімін шыңдауы керек.

"Смартфон, өзіміз білетіндей, балалардың көңілін бөледі. Бүгінде шара ата-аналар мен мұғалімдердің өтініштері мен арыз-шағымдары нәтижесінде қолға алынды. Тағы да айта кетейін, бұл смартфонды тек сабақ кезінде пайдалануға тыйым салатын заң. Ал сабақ біткен соң, сабақтан тыс уақытта оқушы ұялы телефон арқылы ата-анасымен байланысуға құқылы. Бұл сабақ кезіндегі шектеу ғана", – деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная