Мектепте телефон пайдалану: оқушының ата-анасы айыппұл арқалауы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сенат дәлізінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова "Білім туралы" заңда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын және бұл заңды бұзғаны үшін айыппұл көзделетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, жауапкершілік ата-анаға жүктеледі.

"Білім туралы заңда оқу процесінде ұялы телефон қолдануға болмайтыны жазылған. Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде бұл - 409-бап. Бұл жағдай бірінші рет болып жатса, ескерту жасалады, қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Шенеуніктің айтуынша, ата-аналарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы бұл - 19 660 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама