18 қараша 2020 | 10:28

Мектептегі дезинфекциялық құралдардан химиялық күйік болады. Желіде фейк хабарлама тарады

Фото :elements.envato.com

Мектептердегі дезинфекциялық құралдардың химиялық күйік тудыратыны туралы хабарлама жалған болып шықты, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мектептердегі дезинфекциялық құралдардың химиялық күйік тудыратыны туралы хабарлама жалған болып шықты, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Дереккөз мәліметінше, қазақстандық ата-аналар Желіде тараған хабарламаға алаңдап жатыр. Видеода бірнеше әйелдің WhatsApp-та хат алмасқаны көрінеді. Олар мектепке барған соң балаларда қатты жөтел пайда болғанын жазған. Ролик авторының айтуынша, бұған жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйік алуы себеп болған.

Реклама
Реклама

Басылым бұл теорияның неге бұрыс екенін түсіндіріп берді.

"Біріншіден, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды, адамдар көп жиналатын орындарды және өзге де орындарды дезинфекциялау үшін уытты және денсаулыққа қауіпті заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бірнеше рет мәлім еткен болатын.

Елімізде қолданылатын барлық құрал сертификатталған, тізілімге енгізілген және санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген нақты нұсқаулары бар.

Екіншіден, тыныс алу жолдарының күйіп қалу белгілері құрғақ жөтелге қарағанда әлдеқайда ауыр. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйігі, әдетте, обструкцияға әкелетін тез ісінумен қатар жүреді. Бұл ретте зардап шеккендер жедел кеңірдек интубациясына мұқтаж болады. Сондай-ақ, еріннің күлбіреуі, мұрын мен беттегі түктің күюі де тыныс алу жолдарын химиялық күйік шалудың белгілері болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарын күйік шалса, бірден тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел және қанмен түкіру сияқты белгілер пайда болады. 

Үшіншіден, видеода әйелдердің бірі ұлында "химиялық күйік" белгілерін жеңілдеткен Зодак препаратын атап өтеді. Шын мәнінде, бұл препарат химиялық немесе термиялық күйіктері бар науқастардың ауырсынуын жеңілдете алмайды. Ол антигистаминдер тобына жатады және аллергиялық ринит, конъюнктивит үшін қолданылады", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная