ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2020 | 17:30
Мектептегі компьютерлер оқушыларға уақытша беріледі - министрлік
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында компьютер тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында компьютер тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мектептердегі компьютерлер оқушыларға уақытша беріледі. Сондай-ақ, білім басқармалары қосымша компьютерлер, ноутбуктер, планшеттерді сатып алып жатыр. Олар да қабылдау-тапсыру актісі негізінде балаларға беріледі. Әрбір өңір, әрбір білім беру ұйымы интернет-платформаны өзі тыңдайды. Осының негізінде қашықтан білім беру жүргізіледі. Қашықтан білім беру форматы арқылы мұғалімдер мен оқушылар стриминг жүйелерін пайдалана алады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлігтің баспасөз қызметі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушылар қашықтан оқитынын еске салды.
"Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сыныптың оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Бір сыныптағы оқушының саны 15-тен аспайды. Кезекші сыныптардағы мұғалімдерге оқу процесі қалай жүргізілетінін, санитарлық қауіпсіздікті қалай сақтау керегі түсіндіріледі. Мұғалімдер мен оқушылардың дене температурасы күн сайын тексеріледі. Мұғалімнің дене қызуы көтірілсе, ол жұмысқа жіберілмейді. Ал оқушылар үйіне жіберіледі", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также