30 тамыз 2021 | 14:29

"Мектептерде жедел әрекет ету жасағы кезекшілік етеді". Желіде фейк тарады

Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламалар қазақстандық ата-аналардың үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz парталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp мессенджерінде тараған хабарламалар қазақстандық ата-аналардың үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz парталына сілтеме жасап. 

Аудиожазбаларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланатыны, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылатыны айтылған. 

Бұл хабарламаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы (ШИЗО) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді. Мектеп - балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды.

Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная