Мектептердің электронды оқулықтарға көшетін кезі жетті - Жұмағалиев

©rossoshru.ru

Қазақстандық мектептер электронды оқулықтармен білім беруге көшуі керек, - деп санайды Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев. Бұл туралы ол Мәжілісте тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

"Мен бұрыннан планшеттермен, электронды оқулықтармен білім алуға көшуді ойлаймын, мүмкін бюджеттен қаражат та бөліп қалар", - дейді Жұмағалиев.

"Менің кішкентай ұлдарым шамадандармен мектепке барады, олар тағы 2-3 қабат көтерілуі керек. Олар қалай көтеріледі екен деп ойлайсың. Мен тек қана қолдаймын және мұны міндетті түрде алға жылжыту керек. Мүмкін қандай да бір нормаларда электронды нұсқаға өтуді жазу керек шығар. Электронды оқулықтар арқылы да тиісті шешім қабылдап, оны іске асыруға болады. Жүйе дайын", - деп жауап берді ол.   

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама