Мектептің бас есепшісі бір жылда 46 млн теңге жымқырған

Мектептің бас есепшісі бір жылда 46 млн теңге жымқырған Фото: elements.envato.com

Алматыда мектеп қызметкері 1 жылда 46 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда мектеп қызметкері 1 жылда 46 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда мектептің бас есепшісі бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Реклама
Реклама

"Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама