ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2021 | 12:48
Мемқызметкерлер пандемия кезінде балаларға бөлінген ноутбукті ұрлаған - Антикор
Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлімінің қызметкерлері кедей отбасындағы балаларға көмек ретінде үкімет есебінен сатып алынған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлімінің қызметкерлері кедей отбасындағы балаларға көмек ретінде үкімет есебінен сатып алынған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстағы бір аудан әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасынан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған қаражаты есебінен білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Оның айтуынша, мемлекетке келтірілген залал сомасы 12 миллион теңгеден асқан.
"Істің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекетінің нәтижесі бойынша қабылданады", - деп түсіндірді Бигайдаров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также