ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2019 | 14:09
Мемқызметкерлерге жұмыс барысында смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қазаннан бастап мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мендегі ақпарат бойынша, бұл шешім бүгінде үкімет қарауында, жақында ол туралы хабарланады. Барлық уәкілетті мемлекеттік органдар келіскен, содан кейін ол үкімет отырысына шығарылады. Ал келесі отырыста бұл мәселе көтеріледі. Қаулы жобасы үкіметке жіберілді және отырыстардың бірінде қаралады. Қарашада іске асады деп ойлаймыз", - дейді вице-министр Сенат отырысынан кейін.
Вице-министр мемлекеттік қызметкерлерге қандай да бір функциялар мен камераны қолдануға шектеу қойылмайтынын айтты.
"Кез келген мемлекеттік қызметкер жұмыс барысында алатын ақпаратына жауап беруге тиіс. Қандай да бір мәліметтер таратқаны үшін қызметкер заң бойынша жауап береді", - деді Абылайхан Оспанов.
Еске салайық, мемлекеттік қызметкерлерге смартфон, планшет, "ақылды" сағаттарды үкімет ғимараттарында пайдалануға тыйым 2016 жылдың наурызында енгізілді.
Показать комментарии
Читайте также