31 қаңтар 2023 17:24

Мемлекет басшысы Астанадағы қоғамдық көліктердің тапшылығы туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында қоғамдық көліктердің тапшылығына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында қоғамдық көліктердің тапшылығына наразы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі мәселе - қоғамдық көлік жүйесін дамыту. Мен қала ішінде адам көп жүретін бағыттарды анықтап, автобустың жиі қатынауын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма бердім.

Бірақ тұрғындар әлі күнге дейін аялдамада жарты сағат бойы тұруға мәжбүр. Тіпті, кейде жолаушылар автобусқа сыймай жатады", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Астанаға 400-ден астам автобус жетіспейді. Алдағы 5 жылда бұл тапшылық екі есе артуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"400 аялдамада автобус тоқтайтын арнайы орын қарастырылмаған. Ал 300 аялдамада жабық павильон жоқ. Бұл мәселе, әсіресе қыс кезінде өте өзекті", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram