20 тамыз 2024 | 14:15

Мемлекет басшысы Астанадағы мектептерді аралады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының «Нұра» ауданындағы №101 мектепті аралап көр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының «Нұра» ауданындағы №101 мектепті аралап көр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған білім ордасында екі ауысымда 4 мың оқушы жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқитын болады.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы мектептің оқу және шығармашылық кабинеттерін, сондай-ақ спорт және акт залдарын аралады.

Президентке жаңа мектептің мүмкіндіктері, атап айтқанда, оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту, цифрлық технологияларды зерттеу, жасанды интеллектіні қолдану, "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру, оқу бағдарламасы мен роботты техниканы үйлестіру бағыттары жайында мәлімет берілді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың орта білім беру саласын дамыту туралы баяндады. Сондай-ақ ол "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қалада 24 оқу ошағы салынып жатқанын айтты.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына дайындық жайында есеп берді. Бүгінде республика бойынша 536 мың оқушыға арналған 302 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал 220 мың оқушыны қамтитын 280 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1,7 миллион бала тегін тамақпен қамтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная