ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2022 | 22:09
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары аясында Садыр Жапаровпен бірге "Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері" атты тақырыпта өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына онлайн-форматта қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары аясында Садыр Жапаровпен бірге "Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері" атты тақырыпта өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына онлайн-форматта қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Қырғызстан көшбасшыларымен қатар жиынға Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Беларусь Премьер-министрі Александр Головченко мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович бейнебайланыс режимінде қатысты. Бұл іс-шараны Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин жүргізді.
Іс-шараға қатысушылар интеграцияны одан әрі дамытудың, Еуразиялық экономикалық одақ аясында энергетика, өнеркәсіп, көлік, қаржы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін ЕЭО кеңістігіндегі өзара сауда-саттықты арттырудың перспективаларына және Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын жетілдіруге арнады.
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық бірігу үдерісіне қатысушы мемлекеттер арасындағы еркін сауданы дамыту мақсатында тиісті жағдай жасау үшін құрылғанын айтты.
"Еуразиялық экономикалық одақ күрделі геосаяси жағдайда өзінің тиімділігін көрсетті. Біз мұны көріп отырмыз. Еуропалық одақтағы және басқа да экономикалық ұйымдардағы сияқты бұл Одақта түрлі мәселелер туындап отыратынына таң қалуға болмайды. Әрбір мемлекет ұлттық мүддесін өздігінше көздейді. Әрбір мемлекет туындаған мәселені өздері дұрыс деп санаған пікірі бойынша шешілгенін қалайды. Бұл әрбір халықаралық, әсіресе саудамен айналысатын ұйымдарға тән жағдай", – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан еуразиялық интеграцияның іскерлік әрі прагматикалық негізде дамығанын жақтайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также