ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2020 | 19:22
Мемлекет басшысы жаңа бақылаушы орган құру туралы шешімді мақұлдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бақылаушы орган құруды реттейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оны 25 маусымда Сенат қабылдаған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бақылаушы орган құруды реттейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оны 25 маусымда Сенат қабылдаған.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Осы Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастырудың, қызметінің және өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған.
Бұған дейін жобаны әзірлеушілердің бірі мәжілісмен Омархан Өксікбаев әлемдегі бірқатар ірі дағдарыстармен ұштасқан аудитор мамандығына деген сенімсіздік экономика үшін өте жағымсыз салдар әкелетінін, сондықтан аудит сапасын бақылау рөлі арта түсетінін мәлімдеген болатын.
Жаңа заң бойынша, кәсіподақ кеңесі басқармасының құрамына Қаржы министрлігінің, АХҚО, KASE, кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также