ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2022 | 13:23
Мемлекет басшысы Қаржы министрлігінің жұмысын сынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті жоспарлауды жақсарту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетті жоспарлауды жақсарту керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кіріс пен шығыстың едәуір бөлігін жергілікті деңгейге бөлуге болады, бұл ретте оларды іске асыру үшін сұранысты қатаңдату қажет. Осыдан кейін ғана жергілікті биліктің түпкі нәтижеге жету үшін рөлі мен жауапкершілігі артады", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол жаңа салық-бюджет саясаты қаржы-экономикалық функцияларды аймақтардың пайдасына барынша бөлуі тиіс екенін атап өтті.
"Қазірдің өзінде бюджетті жоспарлау, бюджетаралық қатынастарды, бағалау жүйесін жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар бердім. Алайда нәтиже аз. Қаржы министрлігіне шағымым бар.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікке өңірлермен және сарапшылық қоғамдастықпен бірлесіп, айтылған барлық басымдық бойынша практикалық реформалар пакетін дайындауды тапсырамын. Реформалар азаматтар мен бизнестің мүддесін толық көлемде қанағаттандыруы тиіс", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также