27 сәуір 2019 | 09:55

Мемлекет басшысы "Қазцинк" ЖШС еңбек ұжымына табыс тіледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына металды мырыш, тазартылған қорғасын, алтын мен күміс, катодты мыс сияқты шығарылатын өнімдердің тізімі ұсынылды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 305 мың тонна мырыш, 168 мың тонна қорғасын, 70 мың тонна мыс, 47 тонна алтын және 1440 тонна күміс өндіруге қауқарлы.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстан түсті металлургиясының флагманы және ірі экспорттаушысы екенін атап өтті.

"Сіздердің кәсіпорындарыңыз Өскемен мен бүкіл Шығыс Қазақстан облысының бюджетін қалыптастыруға және әлеуметтік саласын дамытуға зор үлес қосып келеді. "Қазцинк" өз жұмысшыларына көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Бұл - бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің және өңірдің барлық тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға деген ниетінің дәлелі", - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымына бақ-береке және табыс тіледі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная