07 қараша 2022 13:51

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы еңбек даулары туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы еңбек даулары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы еңбек даулары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстауда еңбек даулары жиі болып жататыны жасырын емес. Мен бұл жағдайдан толық хабардармын. Еңбек даулары қатаң түрде заң аясында шешілуге тиіс. Осы маңызды жұмысқа тәуелсіз кәсіподақтар белсене атсалысуы қажет.

Өңірде бұл сала барынша қарқынды дамып келеді. Өте дұрыс, мен мұны қолдаймын. Мықты азаматтық қоғам қалыптастыра алсақ, бұдан ешкім ұтылмайтыны анық. Адам құқығын, оның ішінде еңбек адамының құқығын қорғау әрдайым басты назарда болуға тиіс", - деді Тоқаев.

Президент еңбек дауларын көшеде, алаңда емес, келіссөз үстелінің басында шешу - жалғыз ғана жол екенін ескертті.

Реклама
Реклама

"Маңғыстауда осындай жағдайлар сындарлы диалог арқылы шешіле бастағаны құптарлық жайт. Жалпы, еңбек даулары - жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы мәселе. Оны тараптардың мүмкіндігін және мүддесін мұқият ескере отырып, ортақ мәміле арқылы шешу – негізгі міндет", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram