Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды.

Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Жарнама
Жарнама

Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама