20 мамыр 2020 15:18

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді. 

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовке бірқатар тапсырма берген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram