14 шілде 2022 | 18:18

Мемлекет басшысы ішкі істер министрін қабылдады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Президентке қылмыс деңгейінің айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды. Марат Ахметжановтың айтуынша, қарақшылық, бопсалау және мал ұрлығы фактілері азайған. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі көтерілген.

Реклама
Реклама

Министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ, қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасып жатыр. Бүгінде барлық қылмыстық құқықбұзушылықтың 81,7 пайызы электрон форматта тергеледі.

Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру аясында аса ауыр санаттағы 928 істі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Мысалы, елордалық полицей компаниялардың бірінің директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқаруға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында жыл басынан бері 1354 қылмыс анықталған. "Қара нарықтағы" құны шамамен 4,5 миллиард теңге болатын заңсыз айналымдағы 3,5 тонна есірткі тәркіленген.

Министр Мемлекет басшысына қоғамдық қауіпсіздікті халықпен бірлесіп қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың негізгі ережелері туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Президент еліміздегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная