Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткерін қабылдады

Камила Долаева Журналист

Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, "Attali and Associés" ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, "Attali and Associés" ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Еуропа елдерінің Орталық Азиямен өзара іс-қимылдары, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың ілгерілеуі талқыланды.

Француз саясаткері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы Жак Аттали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазіргі құбылмалы әлемдегі күрделі ахуалда Қазақстан тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтап отырғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасында әрқашан бейбітшіл саясат ұстанатынына, өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке ашық екеніне, сондай-ақ шетелдік капиталды тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп отырғанына баса мән берді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама