Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінде тағайындаулар өткізді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Азамат Құрманбекұлы Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама