Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел басшылары маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады. "Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік, мәдени-гуманитарлық салаларда және өзге де барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары қарқын алып отырғанын атап өтті", - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Жарнама
Жарнама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама