Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасымен кездесті

©Тengrinews.kz

Келешекте қазақстандық судьялардың қызметі жаңа сапалы деңгейге көтерілуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмимен кездесуі кезінде айтты деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында сот төрелігіне жіберудің қазіргі жайы мен соттар қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттер талқыланды. "Нұрсұлтан Назарбаев судьялар санының артып келе жатқанын және олардың жұмысын жақсарту үшін бар жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы келешекте қазақстандық судьялар қызметінің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі тиіс екенін айтты", - делінген ресми сайтта.

Жоғарғы сот төрағасы өз кезегінде соттардың VI съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың, сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді азайту, азаматтар құқын қорғауды күшейту мен сот төрелігіне жіберу сапасын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың атқарылу барысы туралы баяндады.  

Реклама
Реклама

Қайрат Мәми Жоғарғы соттың сот билігі тәуелсіздігінің индексін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасап жатқаны туралы хабардар етті. Бұл жоспар сот төрелігіне жіберу процесіне араласулар туралы сақтандыруды және сот билігі имиджін нығайтуды көздейді.

Жоғарғы сот төрағасы сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруды, процесс қатысушыларына істің қаралу тәртібін ыңғайлы етуді, ымыраласу рәсімдерін кең қолдануды және қазіргі заманғы технологияларды қолдануды қарастыратын жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасын жасау жұмыстары туралы да әңгімеледі. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама