Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

© akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаевты? т?ра?алы?ымен ?ауіпсіздік ке?есіні? отырысы ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды.

"Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

"Біз америкалық бизнес «капитандарымен» нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news41
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама