08 маусым 2021 | 10:18

Мемлекет қайраткері Күләш Әскеева 100-ге таяған шағында өмірден өтті

Камила Долаева Журналист

Кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер Күләш Әскеева 99 жасында өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер Күләш Әскеева 99 жасында өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскеева Күләш Әскеқызы - 1921 жылы 3 қыркүйекте Қазақ КСР-інде дүниеге келген. 1939 жылдан бері шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстар атқарған. 1939-1976 жылдары Талас ауданының жеті жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді, Крупская атындағы жеті жылдық мектепті басқарды, кейін Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. Жамбыл облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы және Кеген ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл ауданы партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

Красногор аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, БКП(б) Красногор аудандық комитетінің үшінші, бірінші хатшысы болды.

Реклама
Реклама

Кейін Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру Министрінің орынбасары қызметіне кірісті.
Сонымен қатар, КСРО Жоғарғы кеңесінің 3-шақырылымының депутаты болып сайланды.

"Күләш Әскеқызы соңғы демі қалғанша көңілді, мейірімді болып қала берді. Өмірді жақсы көріп, айналамдағыларға әрқашан қолдау мен алғыс айта білетін. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасы ұжымы Күләш Әскееваның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді ауруханадағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram