11 қаңтар 2022 11:48

Мемлекетімізден айырылып қалуымыз мүмкін еді - Тоқаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев содырлар Алматыдан кейін елді басып алуы мүмкін болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев содырлар Алматыдан кейін елді басып алуы мүмкін болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізге қарсы лаңкестік соғыс басталды. Жау тым қатыгез болды және кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Қарсылық туралы ойды басу үшін халық арасында қорқыныш тудырды. Жоспар бірқатар бағытты қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат және т.б. Кәсіби мамандар жұмыс істеді (...). Алматыны бақылауды толығымен жоғалтып, Алматыны жоғалтқасын астананы, содан кейін бүкіл мемлекетімізден айрылып қалуымыз мүмкін еді. Бұл - қайғылы оқиғалардың мәні (...) ",- деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Алматының Республика алаңында түсірілген видеолар жарияланған еді. Роликтен түтінді көруге болады. Куәгерлер дыбыстық гранаталар жарылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алғаны хабарланды.

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдай енгізгені белгілі болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Осы оқиғалардан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram