ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2023 | 11:03
"Мемлекеттен 116 680 теңге алуға болады". Отбасы банк хабарламаға қатысты пікір білдірді
Желіде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы хабар тарады. Банк өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы хабар тарады. Банк өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банк мәліметінше, желіде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы жалған ақпарат тараған.
"Алаяқтар: 10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - деді банк өкілдері.
Банк сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша +7 (727) 330-94-82 телефоны немесе antifraud@otbasybank.kz электрон поштасы арқылы хабарласуға болатынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также