Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады: тізім

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жекелеген тұлғалар тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Оны бекітетін бұйрық кодекспен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына кіреді:

Реклама
Реклама
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
  • зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
  • он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
  • әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама