29 наурыз 2023 | 17:54

Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта қаржылық тұрақтылық бағдарламасына қатысқан алты банк бар. Бұл бағдарламаны Ұлттық банк 2017 жылы мақұлдады. Сол кезде олардың өте үлкен шығындары, банктердің балансындағы қиын жағдайдағы активтердің үлкен деңгейі анықталды", - деді Мәдина Әбілқасымова Парламент кулуарында.

Ол осы проблемалық несиелер бойынша провизия құру және осы банктерді капиталсыздандыру мақсатында қаржылық тұрақтылық бағдарламасы қабылданғанын түсіндірді. Ұлттық банк реттелген облигацияларды орналастырған. Үштен бірін акционерлер қайта капиталдандыруы керек еді.

Реклама
Реклама

"Бұл облигациялар қазір осы банктердің балансында сақталған: "Евразийский банк", "Банк Центркредит", "Нұрбанк", "Банк РБК", "АТФ Банк" және "Цесна Банк", олар Jusan банкпен біріктірілген. Сонымен қатар, "Казкоммерцбанкті" сатып алу бойынша жасалған мәміле нәтижесінде мемлекеттік қолдау қаражаты Halyk Bank балансында", - деп түсіндірді Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная